Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Құрметті маңғыстаулықтар!
9 мамыр – ерлік пен батырлық, қаһармандықтың символы. Бұл күні біз ата-бабамыз бен әкелеріміздің ерлігін, басынан өткерген ауыртпалықтары мен көрген қиыншылықтарын еске аламыз. Миллиондаған адамдар өз халқының, елінің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын пида етті.
Біз соғыс батырларын мәңгі есте сақтап, ардагерлерге қамқорлық пен ілтипат көрсетіп, халықтың ынтымағы мен бірлігін қастерлейтін боламыз. Біздің барлық жеңісіміз бен жетістігіміздің басты кепілі – халықтың бірлігі.
Қазақстандықтарды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тілеймін.
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -