Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты жерлестер!
Жаңа жыл — жақсылық пен жаңарудың жаршысы. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылдың табалдырығын аттар шақта әр шаңырақтың төрінде үміт пен сенімнің оты маздайды. Жаңа жыл — арман мен мақсаттарға қанат бітіп, ізгі ниеттердің орындалуына бастайтын уақыт.Өткен 2024 жыл Маңғыстау өңірі үшін үлкен жетістіктер мен айтарлықтай өзгерістер жылы болды. Аймақта ауқымды құрылыс жобалары, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму шаралары жүзеге асып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында тың серпін байқалды. Маңғыстау халқының бірлігі мен еңбегінің арқасында өңіріміз экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеуде.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылды. Алдағы жылы да осы қарқынды тоқтатпай, өңіріміздің дамуы мен халқымыздың өмір сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасатын болады.Құрметті ағайын, өздеріңіз үшін, Отанымыз үшін, туған жеріміз үшін еңбек етіп жүрген әрбір жанға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында маңғаз Маңғыстауымыз өркендеп келеді.Жаңа 2025 жылы әр шаңыраққа амандық, табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін. Еліміздің ырысы молайып, берекесі арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!Құрметпен, Маңғыстау облысының әкіміНұрдәулет Қилыбай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -