Құрметті мал шаруашылығы саласының қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді
кәсіби мерекелеріңіз – Мал өсірушілер
күнімен құттықтаймын!
Қазақстандық фермерлерге агроөнеркәсіптік саласының дамуына қосқан сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Сан ғасырлық дәстүрі мен
өмір дағдысы
осы саламен ұштасқан Қазақстанның әлемдік
мал шаруашылығы нарығында
алар орны ерекше.
Біздің елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге орасан зор мүмкіндіктер бар. Қолайлы
табиғи-климат пен
жайылымдардың кеңдігі, өткізу нарықтарының жақындығы саланың өркендеуіне серпін береді.
Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен мемлекеттің қолдауының арқасында сала қарқынды дамып, еліміздің жалпы өнімнің
49%
астамын құрады.
Соңғы бес жылда е
ліміз сиыр, қой, жылқы етімен және жұмыртқамен өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетті, ал құс еті бойынша соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 51%-тен 27%-ке дейін
төмендеді
.
Осы кезеңде
мал шаруашылығына
салынған
субсидиялар көлемі
30%-
ке
өсіп, 2023 жылы
147 млрд. теңгені
құрады.
Өткен жылы қуаттылығы 30,8 мың тонна сүт 22
сүт-тауарлы фермасы
, қуаттылығы жылына 86,5 мың тонна құс еті
н өндіретін
4 ет бағытындағы құс фабрикасы іске қосылды.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау жөніндегі бағ
дарлама шеңберінде осы жылы
қуаттылығы 370 мың тонна
болатын
65
сүт-тауарлы фермасын
іске асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта асыл тұқымды малдың үлес салмағы 12% - дан асты.
Бұл Мемлекет басшысының
Қазақстанды Еуразия құрлығының жетекші аграрлық орталықтарының біріне айналдыру
туралы
тапсырмасы негізінде іске асқан маңызды қадамдар
.
Әрине, бұл жетістіктердің барлығы
сіздердің
қажырлы еңбектеріңіз
бен
кәсіби
біліктіліктеріңізсіз
мүмкін болмас еді.
Құрметті әріптестер, сіздермен бірге мал шаруашылығы секторын дамытуды жаңа сапалы деңгейге шығаратынымызға сенімдімін.
Сіз
дер
ге зор денсаулық, бақыт және жаңа табысты жобалар мен жетістіктер тілеймін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -