«Родина» агрофирмасы Ақмола облысында бірінші болып егін жинауды аяқтады
Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданының «Родина» АФ ЖШС-де 2024 жылғы егін жинау науқаны сәтті аяқталды. Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр басқарған 25 жылдық тарихы бар кәсіпорын елдегі озық шаруашылық болып саналады.
Науқан барысында 46 мың гектардан астам егіс алқабы жиналды. Ораққа 63 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қатысты, оның ішіндезаманауи 35 бірлік комбайн мен 9 бірлік трактор бар.
Облыстың көптеген аймақтарындағыдай, агрофирма алқаптарындағы орташа өнімділік 19 ц/га құрады, бірақ минералды тыңайтқыштар қолданылып, барлық агротехникалық шаралар сақталған жекелеген алқаптарда өнімділік 27 ц/га жетті.
Бас агроном Қанат Әділбековтің айтуынша, кәсіпорын мамандары салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жиын-терім науқанын тиімді ұйымдастырып, ауыз толтырарлық нәтижеге қол жеткізді.
«Егістіктердегі іс-қимылдардың үйлесімділігі мен жеделдігі қойылған міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ете отырып, егін ору уақытын қысқартуға көмектесті. Егін жинау жұмыстарының сәтті аяқталуы өндірісті механикаландырудың арқасында мүмкін болды», - деді Қанат Әділбеков.
Шаруашылықта барлығы 43 мың тоннадан астам астық бастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен екі есе артық.
Агрофирма жыл сайын өндіріс көшбасшыларын ынталандырады. 28 жыл еңбек өтілі бар комбайншы Федор Меркулов 1515 га алқапты орып, 3030 тонна астық бастырды, ал 39 жыл комбайн тізгіндеген Юрий Городецкийде 1475 га алқаптан 2950 тонна астық алды.
«Биылғы науқанда1535 га алқапты игердім, 3070 тонна астық бастырдым. Мен мұнда 27 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Биыл орақ кезінде ауа райы қолайлы болғанына ризамыз», - деді комбайнер Александр Прохоров.
Алқаптағы астықты қырманға тасымалдау бойынша жүк көлік жүргізушісі Александр Мюсик топ жарды. Ол науқан басталғалы 10700 тонна астықты қамбаға жеткізді.
Субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуде ерекше рөл атқарғанын атап өткен жөн. Осының арқасында шаруашылық жанар-жағармай материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын және минералды тыңайтқыштарды сатып алу шығындарын едәуір төмендете алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -