Өрт қауіпсіздігі қағидаларына өзгерістер енгізілді
ТЖМ 2024 жылғы 15 тамыздағы №321 бұйрығымен Өрт қауіпсіздігі қағидаларына бокстарда, паркингтерде, көлік құралдары тұрағына арналған үй-жайларда, өндірістік гараждар үй-жайларында, шатырлар астында және ашық алаңдарда электромобильдерді зарядтауға жол беру бөлігінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес қағидалардың кейбір талаптарын сәйкестікке келтіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Сонымен қатар Қағидалар 1080-1-тармақпен толықтырылды, ол электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын паркингтерге орналастыру кезінде мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау қажеттілігін белгілейді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес электромобильдерді зарядтау станцияларын орнату үшін азаматтық қорғау органдарынан қандай да бір рұқсат құжаттарын алу талап етілмейтінін қосымша хабарлаймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -