Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогы VII турнирінің екінші кезеңі аяқталды
Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ Мамандандырылған жасағының базасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Кубогына VII турнирдің екінші кезеңі өтті.
Екінші кезең оқу мұнарасының 2 және 4 қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу дисциплинасынан өткізілді. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде жеке біріншілікте жүлдегерлер:
1 орын - Буторин Николай, Шығыс-Қазақстан облысы (14,0 сек.)
2 орын - Әбдібек Еркін, Қызылорда облысы (14,07 сек.)
3 орын - Снегирев Дмитрий, Астана қаласы (14,44 сек.).
Ерлер арасында командалық есепте:
1 орын - Астана қаласы (88,26 сек.)
2 орын - Маңғыстау облысы (88,36 сек.)
3 орын - Батыс-Қазақстан облысы (88,83 сек.).
Әйелдер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілуде жеке біріншілікте жүлдегерлер:
1 орын - Лукьянова Алёна, Қостанай облысы (7,61 сек.)
2 орын - Бажева Айнура, Қостанай облысы (7,63 сек.)
3 орын - Жидонис Анастасия, Шымкент қаласы (7,67 сек.).
Әйелдер арасында командалық есепте:
1 орын - Алматы қаласы (48,36 сек.)
2 орын - Астана қаласы (48,45 сек.)
3 орын - Түркістан облысы (48,7 сек.).
14 маусымда Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жарыс 4х100м өрт эстафетасы дисциплинасы бойынша жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -