Рухани құндылыққа толы кинокөрсетілім
Атырау облысы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының қолдаумен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өткізілді.
Атырау облысының Дін істері басқармасының басшысы Қ.Мусаев қатысып, студенттерге бағыт-бағдар беріп, жасөспірім шақта өмірді мағыналы сүруге, жат қылық, ағымдардан сақ болуға, діни сауатты болуға шақырып, жастарға білім жолына сәттілік тіледі.
Кинокөрсетілім алдында ақпараттық бейнероликтер жастар назарына ұсынылды. «Ғаламтордағы күмәнді сайттардан аулақ бол!» атты танымдық тақырыпта әлеуметтік желідегі қауіпсіздік жайында түсіндірсе, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453,490-баптарындағы заңнамалар, салынатын айыппұлдар мен қолданылатын жаза, шара туралы, сонымен қатар жастар мен ата-аналарға, жалпыхалыққа тиімді жасалған «
» телеграм-ботының құрылымын баяндады.Одан әрі бүгінгі қоғамда болып жататын қарама-қайшылық пен әлеуметтік теңсіздікті қаз-қалпында көрсеткен «Донор» фильмі кинокөрсетілімді асыға күткен университет жастарының назарына жол тартты.
Студенттерге кешкілік рухани демалыс сыйлаған кинокөрсетілім көңілдерінен шығып, ризашылықтарын білдірді. Кинокөрсетілімге 1000-ға жуық студент жиналды.
Материал Атырау облысы бойынша
Терроризмге қарсы комиссия аппаратының
ақпаратына негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -