Құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен құрылыс басқармасының басшысы болып Асқар Ажмұрат тағайындалды.
Асқар Қадырұлы 1976 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар.1999 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Павлодар фармацевтикалық зауытында жабдықтау бойынша менеджер болып бастаған. Одан кейін 2001-2002 жылдар аралығында мемлекеттік емес құрылымдарда еңбек етті.
2002 жылдан 2024 жылға дейін Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -