Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандардың көбі жыл соңына пайдалануға беріледі: Ақтөбе облысы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандардың көбі жыл соңына пайдалануға беріледі

Ақтөбе өңірінде құрылысы ұзаққа созылған 13 ғимарат бар. Оның 7-еуі — білім, 4-еуі — спорт, екеуі — денсаулық сақтау нысаны. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді.

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен Ақтөбе қаласындағы және бірқатар аудандағы құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік ғимараттардың мәселесі тақырыбындағы жиында айтылды.

Қазір облыстағы әлеуметтік нысандардың көбінің құрылысы қарқынды. Дені биыл күз айларында халық игілігіне беріледі. Ал құрылысы толық аяқталған Қарғалы қалалық ауруханасының жапсарлас ғимараты жуырда пайдалануға берілмек. Бұл нысанды балансқа қабылдау шараларын облыс әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевке тапсырды.

Жиынды қорытындылаған Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларына проблемалық нысандардың мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін қадап айтты.

«Қайталап айтамын, кабинетте отырмай, құрылысы бітпей жатқан нысандардың жағдайын өз көздеріңізбен көріңіздер. Бұл бағытта тиісті шешім шығаруға дайын болыңыздар. Барлық компанияларды тексеріңіздер, әрбір нысан бойынша талдау жүргізіңіздер. Баспанасын ала алмай жүрген тұрғындар көп ұзамай пәтерлеріне қол жеткізуі керек. Бұдан бөлек,  барлық мектептер мен спорт кешендері уақытында пайдалануға берілуі қажет», – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Ақтөбе өңірінде құрылысы ұзаққа созылған 13 ғимарат бар. Оның 7-еуі — білім, 4-еуі — спорт, екеуі — денсаулық сақтау нысаны. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді.

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен Ақтөбе қаласындағы және бірқатар аудандағы құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік ғимараттардың мәселесі тақырыбындағы жиында айтылды.

Қазір облыстағы әлеуметтік нысандардың көбінің құрылысы қарқынды. Дені биыл күз айларында халық игілігіне беріледі. Ал құрылысы толық аяқталған Қарғалы қалалық ауруханасының жапсарлас ғимараты жуырда пайдалануға берілмек. Бұл нысанды балансқа қабылдау шараларын облыс әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевке тапсырды.

Жиынды қорытындылаған Асхат Шахаров облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларына проблемалық нысандардың мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін қадап айтты.

«Қайталап айтамын, кабинетте отырмай, құрылысы бітпей жатқан нысандардың жағдайын өз көздеріңізбен көріңіздер. Бұл бағытта тиісті шешім шығаруға дайын болыңыздар. Барлық компанияларды тексеріңіздер, әрбір нысан бойынша талдау жүргізіңіздер. Баспанасын ала алмай жүрген тұрғындар көп ұзамай пәтерлеріне қол жеткізуі керек. Бұдан бөлек,  барлық мектептер мен спорт кешендері уақытында пайдалануға берілуі қажет», – деді облыс әкімі.

Аймақтағы жаңалықтар