СҚО ауыл еңбеккерлері кәсіби мерекесін атап өтті
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналған қауымды кәсіби мерекемен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық өсімге негіз болатын, ауылдарды нығайтып, дамытатын мамандардың кәсіби мерекесі. Биыл диқандар мемлекеттік қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында 6.2 млн.тонна астық жинап, орташа өнімділік 18.6 ц/га құрады.
Ауыл шаруашылығы – өмірдің бастауы, бұл тек кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар сабырлықты, адалдықты және жерге деген сүйіспеншілікті талап ететін еңбек. Жиында агроөнеркәсіп кешенінің дамуына елеулі үлес қосқан үздік мамандарға Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталды. Олардың арасында механизатор, агроном, сауыншы, комбайншы, жүргізуші және шаруашылық басшылары бар. Дәл осы еңбекқор жандардың арқасында дастарқанымыз сапалы әрі экологиялық таза өнімдерге толы.
"Ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіз лайықты бағаланып, жетістіктеріңіз жаңа табыстарға ынталандырсын" — деп жазды өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -