СҚО-да ғалымдар мен мамандар агрохакатонда ауыл шаруашылығының мәселелерін талқылады
Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстандағы бірінші ғылыми-технологиялық сессия өтті, оның жұмысына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүректов қатысты. Отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, шаруалар мен бизнес жетекшілері инновацияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді бірлесіп іздеуге жиналды.
Мемлекет басшысы аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын, бұл сессия қорытындысында көрініс тапты. Ғалымдар мен кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімділігін ұлғайтуға арналған идеяларын ортаға салды. Қатысушылар жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. Агрохакатонда саладағы негізгі проблемалар айқындалып, жаңа шешімдердің бағыттары, зерттеулердің міндеттері айқындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -