СҚО әкімі өрттен қаза тапқан отбасының әжесіне көңіл айтты
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында Ступинка ауылындағы қайғылы өрт салдарынан қаза тапқан отбасының әжесі Елена Денисенкомен кездесті. Өңір басшысы Елена Николаевнаға шын жүректен көңіл айтып, мемлекет қиын сәтте барлық қажетті қолдауды көрсететінін айтты.
Қазіргі таңда Станиславтың қамқоршылық құжаттарын ресімдеу аяқталды, ол Петропавлдағы колледжде оқуын жалғастыруда. Оған жатақханада тегін тұру және білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ әжесі мен немересіне Сергеевка қаласынан пәтер сатып алынуда. Облыс әкімі аудан басшылығына баспананы ресімдеуді қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -