СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ БАЙЫТУ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА СИРЕК МЕТАЛДАР ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР: Астана қаласы, 15 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ БАЙЫТУ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА СИРЕК МЕТАЛДАР ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Сәтбаев Университетінің Металлургия және байыту институты мен Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институты арасында өткен жылдың қараша айында меморандум жасалған болатын. Осы меморандум негізінде Корея Республикасының мемлекеттік қолдауымен Сәтбаев Университетінің МжБИ базасында Сирек металдар орталығын құру жоспарлануда. Жоба Өзбекстанда сәтті түрде жүргізілген тәжірибе үлгісі бойынша жүзеге асырылады.

Бұл жобаның мақсаты – экологиялық таза сирек металдарды өндіру технологиясын әзірлеу және енгізу болып табылады.

Бұл бастама елдегі тұрақты тәжірибені қолдауға және технологиялық әлеуетті арттыруға бағытталады.

Институт ғалымдары еліміздің және шетелдің кәсіпорындарында түсті, асыл және сирек металдарды өндірудің бірегей тамаша технологияларын әзірлеп, оны өндіріске енгізуде. Қазір институт халықаралық ғылыми-өндірістік байланыстарды, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарды белсенді түрде дамытуда.

Сирек кездесетін металдардың дүниежүзілік қоры қазіргі уақытта 110 миллион тоннаны құрайтыны анықталып отыр, бұл қорлардың үштен бір бөлігі Қытайда өндіріледі. Америка Құрама Штаттарында, Үндістанда, Ресейде, Австралия мен Канадада сирек металдардың салыстырмалы түрде мол ресурстары бар. Сондай-ақ Қазақстанда да сирек металдар бар.

Бүгінгі таңда техногендік қалдықтардағы фосфогипс қоры 17 млн тоннаны құрайды, яғни сирек жер металдарының қоры 25 500 тоннаны құрайды. Сонымен қатар жылына 1–1,5 млн тонна фосфогипс қалдығы қалады, яғни оның құрамында 1500–2000 тонна аралығында сирек жер металдары бар деген сөз. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде сирек кездесетін металдардың 25–30% оксидтерін алуға болады.

Осылайша салыстырмалы түрде қарапайым технологиялық схеманы қолдана отырып, фосфор өнеркәсібінің қатты қалдықтарын – фосфогипсті өңдеуге болады, әрі жоғары сұранысқа ие құнды өнімдерді, яғни құрамында шамамен 25–30% болатын сирек жер металдарының концентратын, 90% кварц пен гипс бар байланыстырғыш заттарды алуға болады.

Корея Республикасымен бірлесіп, осындай орталық құру экологиялық таза сирек металдарды алуға және оларды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде еліміздің дамуына айтарлықтай экономикалық үлес қосады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар