С. Жақыпова қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады: Астана қаласы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

С. Жақыпова қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Республика күні қарсаңында барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін декларациялаған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылдады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.

Бұл айтулы мереке – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының, тарихи қауымдастығымызды және республиканың елеулі әлеуетін түсінудің, әрқайсымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің символы.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін әрқашан мерзімінде және толық көлемде орындап келеді. Елімізде жыл сайын зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері артуда, халықты жұмыспен қамту үшін белсенді шаралар іске асырылып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Баршаңызды маңызды мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық пен сәттілік тілеймін. Еліміздің аспаны әрқашан ашық болып, бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгілік орнасын. Әр отбасыға бақыт пен құт-береке тілеймін!

Біздің жүрегімізде Отанға деген махаббат оты ешқашан сөнбесін, елімізге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан туған еліміздің өркендеуі үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!» – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Республика күні қарсаңында барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін декларациялаған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылдады. Онда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді.

Бұл айтулы мереке – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының, тарихи қауымдастығымызды және республиканың елеулі әлеуетін түсінудің, әрқайсымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің символы.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін әрқашан мерзімінде және толық көлемде орындап келеді. Елімізде жыл сайын зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері артуда, халықты жұмыспен қамту үшін белсенді шаралар іске асырылып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Баршаңызды маңызды мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық пен сәттілік тілеймін. Еліміздің аспаны әрқашан ашық болып, бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгілік орнасын. Әр отбасыға бақыт пен құт-береке тілеймін!

Біздің жүрегімізде Отанға деген махаббат оты ешқашан сөнбесін, елімізге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан туған еліміздің өркендеуі үшін жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!» – делінген Светлана Жақыпованың үндеуінде.

Аймақтағы жаңалықтар