С. Жақыпова SESRIC бас директоры З. Селчукпен кездесті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ислам елдері үшін статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер және оқыту орталығының (бұдан әрі – SESRIC) бас директоры Зехра Селчукпен кездесті. Диалог барысында ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында Светлана Жақыпова ведомство қызметінің негізгі бағыттары және әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық шешімдермен таныстырды. Атап айтқанда, биыл Озық тәжірибелер мен инновациялар үшін халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Құрмет грамотасын алған Отбасының цифрлық картасы туралы айтты.
Министр Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы елдердің өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталып, сондай-ақ бірлескен күш-жігермен қол жеткізілетін одан әрі табыстарға үміт артатынын атап өтті.
Өз кезегінде Зехра Селчук SESRIC жұмысының принциптерімен, ұйымды дамыту және ислам елдерімен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласындағы жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады және басқа мүдделі елдермен тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету нұсқаларын талқылауға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -