Сақтандыру қызметін жетілдіру туралы: Алматы қаласы, 30 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сақтандыру қызметін жетілдіру туралы

Сақтандыру қызметін жетілдіру туралы

Сақтандыру қызметін жетілдіру туралы

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 87 қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулыда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМ) шартының және актуарлық қызметтің құнын есептеу үшін пайдаланылатын «бонус – малус» жүйесін жетілдіру жөніндегі түзетулер блогы көзделген. Атап айтқанда:

«бонус-малус» жүйесінің сыныптары қолданыстағы 15-тен 18-ге дейін кеңейтілді; ЖКО кезінде келтірілген залалдың ауырлығы ескерілді (қолданыстағы жүйеде орын алған ЖКО саны ғана ескеріледі). 200 АЕК-ке дейін елеусіз зақым келтірілген ЖКО орын алған немесе ЖКО-ны Еурохаттама арқылы оңайлатылған реттеу кезінде 200 АЕК-тен жоғары залалға қарағанда келесі шарттың құны үшін аз үстемеақы қолданылады; сақтандыру ұйымдарының өз скорингін қолдану арқылы бонус-малус жүйесінің «13» (ең жоғары сынып) сыныбында жол-көлік оқиғасынсыз 5 және одан да көп жыл болған тұлғалар үшін КҚИ АҚЖМ шартының құнын азайту мүмкіндігі берілді; КҚИ АҚЖМ шартының құнын есептеген кезде жол жүру қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны мен ауырлығы ескерілді. ЖКО жасалған кезде және бір уақытта бір жыл ішінде жиынтығында қарсы қозғалыс жолағына шығу немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту және Қаулыда айқындалған өзге де құқық бұзушылықтар сияқты үш және одан да көп ЖЖҚ бұзушылықтар болған кезде, келесі шарттың құнына кішігірім үстемақы қолданылады. актуарийлердің 17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес қорытындыны беруі бойынша талаптар белгіленді, оған сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі беріледі (қазіргі уақытта актуарлық қорытындылар 4 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес беріледі); Қазақстандағы сақтандыру және актуарлық қызметті дамытуға қосқан үлесі және актуарийлердің біліктілігін растау кезінде Қазақстан актуарийлері қоғамына ерікті мүшелік сияқты актуарийлер қызметінің жаңа бағыттары ескерілді.

Сондай-ақ, қаулыда құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша өзге де редакциялық түзетулер көзделген.

Қаулы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар