Сарыағаш станциясындағы картоп партиясының жағдайы бойынша
Жүк жөнелтушілер жалпы көлемі 2.7 мың тонна картоп партиясына фитосанитариялық сертификаттарды үшінші елдерге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салғанға дейін алғанын хабарлаймыз.
Алайда, "Сарыағаш" станциясында шекарадан өту кезінде жүк жөнелтушілерге бірқатар бұзушылықтар, соның ішінде картоп құнының айтарлықтай төмендеуіне байланысты сұрақтар туындады. Құжаттарға сәйкес экспортқа сатылым, картоптың килограммына 40-50 тенгеден белгіленген. Осы себепті вагондар барлық жағдайлар анықталғанға дейін ұсталды.
Құжаттаманы тексергеннен кейін 42 вагон картоп Өзбекстан Республикасының аумағындағы межелі жерге жіберілді. Сондай-ақ, тексеру кезінде кәсіпкерлер тауардың бүліну қаупі төнген жағдайда картопты ішкі нарыққа бәсекелестік бағамен сатуға мүмкіндігі болды.
Айта кетейік, барлық 10 жүк жөнелтуші картоптың жай-күйіне қатысты мемлекеттік органдарға шағым түсірмеген.
Туындаған жағдайды реттеу үшін ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2025 жылғы 18 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен картопты әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынғанын еске саламыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -