Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 8-14 шілде аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -