Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО және ДСҰ мәселелері бойынша бизнеспен кездесу өткізді: Астана қаласы, 20 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО және ДСҰ мәселелері бойынша бизнеспен кездесу өткізді

Сауда және интеграция министрлігі сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікованың төрағалығымен Қоғамдық қабылдау бөлмесінің кезекті отырысын өткізді.

Отырысқа Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Мұндай отырыстарды өткізудің негізгі мақсаты «Атамекен» ҰКП және әкімдік өкілдерімен бірге сыртқы және ішкі нарықтағы кедергілерді азайту болып табылады. Отырыс барысында өнімді Ресей Федерациясына, Тәжікстанға және Еуропалық одаққа экспорттау, сондай-ақ Әзірбайжан аумағы арқылы транзиттеу мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу, көрме қызметі үшін зергерлік бұйымдарды таңбалауды алып тастау және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар айтты.

Жанель Күшікова мен мемлекеттік органдардың өкілдері ЕО-ның Бас преференциялар жүйесін қолдану, зергерлік бұйымдарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу және т.б. мәселелер бойынша түсініктеме берді.

Айтылған мәселелер бақылауға алынып, шешу үшін тиісті алаңдарға шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық қабылдау бөлмесі Қазақстан Республикасының бизнес-қауымдастығын ЕАЭО және ДСҰ аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпараттандыру, бизнестен кері байланыс алу және үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін 2020 жылы Сауда және интеграция министрлігімен құрылған болатын.



Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p><b>Сауда және интеграция министрлігі сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікованың төрағалығымен Қоғамдық қабылдау бөлмесінің кезекті отырысын өткізді.</b></p> <p>Отырысқа Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Мұндай отырыстарды өткізудің негізгі мақсаты «Атамекен» ҰКП және әкімдік өкілдерімен бірге сыртқы және ішкі нарықтағы кедергілерді азайту болып табылады. Отырыс барысында өнімді Ресей Федерациясына, Тәжікстанға және Еуропалық одаққа экспорттау, сондай-ақ Әзірбайжан аумағы арқылы транзиттеу мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлер сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу, көрме қызметі үшін зергерлік бұйымдарды таңбалауды алып тастау және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар айтты.</p> <p>Жанель Күшікова мен мемлекеттік органдардың өкілдері ЕО-ның Бас преференциялар жүйесін қолдану, зергерлік бұйымдарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу және т.б. мәселелер бойынша түсініктеме берді.</p> <p>Айтылған мәселелер бақылауға алынып, шешу үшін тиісті алаңдарға шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық қабылдау бөлмесі Қазақстан Республикасының бизнес-қауымдастығын ЕАЭО және ДСҰ аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпараттандыру, бизнестен кері байланыс алу және үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін 2020 жылы Сауда және интеграция министрлігімен құрылған болатын.</p>

Аймақтағы жаңалықтар