Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Рәміздеріміздің әрқайсысы терең тарихи маңызға ие. Көгімізде желбіреген Ту, күш-қуатымыз бен береке-бірлігімізді айқындайтын Елтаңба, салтанатты сәттерде шырқалатын Әнұран егемендігіміз бен елдігіміздің символы.
Абай облысында таңертеңнен бері түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде орталық алаңда өткен ауқымды патриоттық флешмобты ерекше атап өтуімізге болады. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейліктер мемлекеттік Әнұранды шырқады.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Мереке аясында «Бейбітшілік» аралынан орталық алаңға дейінгі аралықта веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты. Жарыста бақ сынағандар патриоттық флешмобқа да қосылды.
Айта кетейік, бүгін жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер мен флешмобтар өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -