Семейде 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталуға жақын
2024 жылғы 20 маусымында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және «KAZMinerals» компаниясы өкілдерінің төрағалығымен Заря шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектеп құрылысы бойынша көшпелі кеңес өтті.
Кеңес барысында білім ошағының құрылыс барысы таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгінде мектеп құрылысының 80 пайызы аяқталды. 2024 жылдың 1 тамызына дейін нысанды Абай облысының білім басқармасының қарамағына тапсыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -