Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды
«Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС-нің жаңа зауытының ашылуы елімізді заманауи материалдармен қамтамасыз ететін отандық құрылыс саласын дамытудағы маңызды қадам болды.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 2 миллион шаршы метрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның жабдықтары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Бұл өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы жоғары бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік береді.
Зауыттың ерекшелігі – отандық шикізатты пайдаланып, жергілікті өнеркәсіптің дамуына септігін тигізу. Жаңа кәсіпорында 100-ден астам жұмыс орны ашылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -