Сенат депутаттары «Tasqyn» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сергей Ершов ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына барып, су тасқыны кезеңіне дайындықпен, «Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.
Сапар аясында Сергей Ершов ТЖМ ұйымдастырған жұмыс кеңесіне қатысты. Кеңеске су ресурстары және ирригация, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, сондай-ақ Қазгидрометтің өкілдері де қатысты.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев өз сөзінде депутатқа жаңғыртылған командалық орталық пен төтенше жағдайларды мониторингілеу жүйесінің жұмысын таныстырды.
Содан кейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандары су тасқыны тәуекелдерін тиімді болжауға және басқаруға бағытталған «Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесінің функционалдығын көрсетті.
«Tasqyn» АЖ су қоймасына су ағынын және өзендердің көктемгі ағысын болжау процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ су басу аймақтарын цифрлық болжамды гидрограф және су қоймаларынан жоспарланған су төгулерді модельдеуге арналған.
Сапар соңында Сергей Ершов ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бірқатар ұсынымдар ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -