Сенаторлар жұмыс сапарымен Жетісу облысында: Жетісу облысы, 11 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сенаторлар жұмыс сапарымен Жетісу облысында

Жетісу өңіріне сапарлай келіп, облыс аумағындағы өзекті мәселелерді шешудің жолын қарастырып жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Амангелді Төлемісов Кербұлақ ауданына атбасын бұрды.

Кербұлақ және Панфилов аудандары арасын республикалық маңыздағы күре жол жалғап жатыр. «Сарыөзек – Көктал» тасжолының 43 шақырымы және «Көктал – Жаркент» жолының 16 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Ал «Сарыөзек – Көктал» күретамырының (45-68 шақырымы аралығы) 23 шақырымы күрделі жөндеуден өтуде. Биыл пайдалануға берілмек. Бір айта кетерлігі, «Аlacem» цемент зауыты мен «Сарыөзек – Көктал» тас жолының 65 шақырымында зауыттың карьері орналасқан. Ауыр жүк көліктері шикізатты сол маңнан тасиды. Тұрғындардың талабына сай 11 млрд. теңгеден астам қаржыға жөнделген жол мұндай ауыр жүк таситын көліктердің табаны астында ұзақ шыдас бермейді. Асфальт толқиды, мүжіледі, жарамсыз күйге түсеуі әп-сәтте. Жол жөндеу жұмыстарын бақылай келген халық қалаулылары бұл олқылықты болдырмау қажет екенін алға тартты.

– Азғантай уақыт ішінде шикізат тиеген ауыр көліктер жанымыздан өтті. Бір емес, бірнешеуі. Мұндай қарқынмен жаңадан төселген жол ұзаққа бармайды. Өңір үшін өндіріс қажет. Бірақ, мемлекетіміздің басты байлығы адам екенін ұмытпағанымыз абзал. Мемлекет басшысы «Баршаға бірдей мүмкіндік» қағидасын тегін ұсынған жоқ. Тұрғындар бір ғана өндіріс орны үшін жол азабын қайта тартпауы керек. «Қазавтожол» мекемесі жөндеу жұмыстарына түзету енгізуі тиіс. «Аlacem» цемент зауыты жүк тасымал көлеміне емес, көлік санына орай ақы төлеуді ұйымдастырғаны абзал. Негізі келісіп пішкен тон келте болмайды, – деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Аlacem» зауытының өкілдерін мемлекеттік маңызы бар инфраструктураға жауапкершілікпен қарау керегін алға тартты. Тіпті, Амангелді Төлемісов зауыт үшін техникалық жол салу қажет екенін ұсынды. «Қазавтожол» АҚ Жетісу облыстық филиалы басшысының орынбасары Жасұлан Қалтаев зауыттың техникалық жол салуға құлықты екенін, тек жергілікті әкімдік жол салуға жерді реттестіргенін күтіп жүргенін сөз етті. Ал жөндеу жұмыстары аяқталғанда жол бойында арнайы таразылар тұратынын, сол құрылғылар арқылы ауыр жүк көліктерінің жүріп-тұруы ретке келетінін алға тартты құзырлы мекеме өкілі.

Түс ауа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, облыстық мәслихаттың депутаттары Ескелді ауданына бағыт алды. Мұндағы мақсат – өңірдің экономикалық локомотиві саналатын ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселермен танысу. Диқан үшін қай кезде де су маңызды. Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының маңындағы Қаратал өзеніндегі бөгет аудан мен Талдықорған қаласындағы шаруалардың 13 мың гектар суармалы егістігінің қажетіне жарап тұр. Дейтұрғанмен 1976 жылы салынған нысан әбден тозған. Салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген. Бұранда көтергіштер мен бетон жабындардың мүшкіл хәлін баян еткен аудан әкімі Елдос Ахметов бөгеттің су жүйелерін қалпына келтіру кешенді жоспары тізіміне енгенін сөз етті.

«Жетісу» газетінің материалы бойынша.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар