Сергеев су торабында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабында болып, су тасқыны кезеңіне дайындық туралы тиісті ведомстволардың баяндамаларын тыңдады. Былтырғы қатты су тасқынына байланысты су торабында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Биыл да жағалауды нығайту және судың шайып кетуінен қорғау үшін тас және бетон төсеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, су торабында тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Петропавл мен Қызылжар ауданында 8 қорғаныс бөгеті күшейтіліп, биіктігі 7 метрге дейін көтерілді. Барлық есептеулер өткен жылғы қатты су тасқындарының ең жоғары деңгейлері ескеріле отырып жасалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңғырту аяқталуда. Жалпы, 109 іс-шарадан тұратын инженерлік жоспарды жүзеге асыру аясында елді мекендерді тасқыннан қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -