Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топтың отырысы өтті
Бүгін
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде
Сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында
төтенше жағдайлар, энергетика және су ресурстары салаларында бюрократиядан арылту мәселелеріне қатысты талдаудың алдын ала нәтижелері қаралды.
Сондай-ақ
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, құқық бұзушылықтарды анықтау және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес
азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қызмет алуға қайта жүгінуді қажет етпейтін теті
к
енгізілді
.
2024 жылы
Агенттікпен жүргізілген
бақылау іс-шаралары
нәтижесі
бойынша 85 мыңнан астам заңбұзушылық анықтал
ды
.
Оның 82
%-ы жерг
ілікті атқарушы органдарға, 18
%-
ға орталық мемлекеттік органдарға тиесілі.
Агенттік
мемлекеттік бақылауды күшейту және бақылау субъектілерін барынша көптеп қамту мақсатында
ақпараттық жүйе
лер
арқылы
қашықтықтан мониторинг жүргізу тәсілін енгізді
. Бұл әдіс арқылы биыл 29 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, 308 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Отырыс
нәтижесінде мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын жаңғырту, ведомстволар арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, әкімшілік рәсімдер мен мемлекеттік қызметтерді жеңілдету және оңтайландыру, нормативтік-құқықтық актілердегі құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою жөнінде практикалық ұсынымдар әзірленді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -