Сержан Аймақов мемлекеттік қызметтегі көп жылдық жұмысын аяқтады
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сержан Аймақов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты атқарып отырған қызметін босатты.
Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.
– Мемлекеттік қызметте Сержан Жаңабекұлы Аймақов 37 жыл адал еңбек етті. Облысымыздың дамуына елеулі үлес қосты, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ол Сержант Аймақовқа жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, әр кезеңде Сержан Аймақов Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау аудандарының, Шахтинск қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының МСҚБ басқармасын басқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -