ШҚО-да абаттандырудың жаңа ережелері қабылданды: Шығыс Қазақстан облысы, 22 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШҚО-да абаттандырудың жаңа ережелері қабылданды

ШҚО-да абаттандырудың жаңа ережелері қабылданды

ШҚО-да абаттандырудың жаңа ережелері қабылданды

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары өңірдің қалалары мен елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекітті.Абаттандыру қағидалары аумақтарды тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруды регламенттейтін негізгі құжат болғандықтан облыстың барлық коммуналдық қызметтері соған сүйеніп жұмыс істейтін болады.Айталық, аумақтарды абаттандыру ережелерінің жаңа редакциясында алғаш рет «ірі көлемді қалдық» және «мамандандырылған кәсіпорын» сияқты ұғымдарға анықтама берілген. Ірі көлемді қалдықтарға көлемі 0,5 метрден асатын жиһаз, тұрмыстық техника мен сантехника енеді.Мамандандырылған кәсіпорындарға енді коммуналдық қоқысты жинау, сұрыптау, тасымалдау, жарату және жою жұмыстарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатқызылады. Бұл кәсіпорындарға қоқыс контейнерлері мен олар тұрған алаңдарды күтіп ұстау, жөндеу, тұрақты түрде жуу, сондай-ақ шыбын-шіркей мен кеміргіштерге қарсы дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу міндеті жүктеледі. Ал осы мекемелердің жұмысшылары қоқысты шығарғаннан кейін барлық контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақты тазалауға міндетті. Сондай-ақ абаттандырудың жаңа ережелеріне сәйкес ауладағы контейнерлік алаңдардың жанында жиһазды, тұрмыстық, санитарлық техниканы, жалпы кез келген басқа да ірі қалдықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Олардың иелері бұл қоқыстарды сақтау және өңдеу үшін арнайы бөлінген орындарға өз қаржысы есебінен шығаруға міндетті.Жол төсемдерін, тротуарларды немесе гүлзарларды бұзуға тура келген кез келген құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды 30 күнтізбелік күн ішінде және өз есебінен бастапқы қалпына келтіруі керек.Тиісті емес жерлерге орналастырылған сыртқы жарнаманың барлық түріне, әсіресе шам бағаналарына немесе аялдамаларға жапсырылатын жеке хабарландыруларға да тыйым салынбақ.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Восточно-Казахстанской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары өңірдің қалалары мен елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекітті.Абаттандыру қағидалары аумақтарды тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруды регламенттейтін негізгі құжат болғандықтан облыстың барлық коммуналдық қызметтері соған сүйеніп жұмыс істейтін болады.Айталық, аумақтарды абаттандыру ережелерінің жаңа редакциясында алғаш рет «ірі көлемді қалдық» және «мамандандырылған кәсіпорын» сияқты ұғымдарға анықтама берілген. Ірі көлемді қалдықтарға көлемі 0,5 метрден асатын жиһаз, тұрмыстық техника мен сантехника енеді.Мамандандырылған кәсіпорындарға енді коммуналдық қоқысты жинау, сұрыптау, тасымалдау, жарату және жою жұмыстарын жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатқызылады. Бұл кәсіпорындарға қоқыс контейнерлері мен олар тұрған алаңдарды күтіп ұстау, жөндеу, тұрақты түрде жуу, сондай-ақ шыбын-шіркей мен кеміргіштерге қарсы дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу міндеті жүктеледі. Ал осы мекемелердің жұмысшылары қоқысты шығарғаннан кейін барлық контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақты тазалауға міндетті. Сондай-ақ абаттандырудың жаңа ережелеріне сәйкес ауладағы контейнерлік алаңдардың жанында жиһазды, тұрмыстық, санитарлық техниканы, жалпы кез келген басқа да ірі қалдықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Олардың иелері бұл қоқыстарды сақтау және өңдеу үшін арнайы бөлінген орындарға өз қаржысы есебінен шығаруға міндетті.Жол төсемдерін, тротуарларды немесе гүлзарларды бұзуға тура келген кез келген құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды 30 күнтізбелік күн ішінде және өз есебінен бастапқы қалпына келтіруі керек.Тиісті емес жерлерге орналастырылған сыртқы жарнаманың барлық түріне, әсіресе шам бағаналарына немесе аялдамаларға жапсырылатын жеке хабарландыруларға да тыйым салынбақ.</p>

Аймақтағы жаңалықтар