Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес
2024 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің және Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Амирханов Айдын Кумашкенұлы, ШҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сарбасова Гүлфара Сейітқамзақызы және ҚР ӘМ заңнама және құқықтық ақпарат институты Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері аталған іс-шараға қатысты. ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Амирханов өз сөзінде семинарға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген ҚР НҚА мемлекеттік тізілімін, ҚР НҚА эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге аударды, сондай-ақ мемлекеттік органдар НҚА-ны эталондық бақылау банкіне жіберген кезде туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді. Семинар барысында Әділет департаментінің өкілдері қабылданатын актілердің сапасы мәселесін талқыланды. Өз кезегінде семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен тілектерін айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -