ШҚО әкімі: Қуатты ел құру жолында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегі зор
Ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ермек Көшербаев ел ырысын еселеп, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген азаматтарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, марапаттады.Бүгінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Облыс әкімі салтанатты мерекелік шарада осындай жетістіктерге жетуге атсалысып, тер төгіп, табанды жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандарына алғыс айтты.Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміз ірі аргоөнеркәсіпті елге айналды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да атап айтып, алда атқарылар нақты істерді бағыттап берді. Біздің облыстың ауыл шаруашылығында саланы әртараптандыру шаралары жүргізіліп, жер-жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірістері ашылып, күтілген нәтижені беріп жатыр. Аймақтағы танымал өндіріс орындары аудан кәсіпкерлерімен бірлесе өздерінің брендтік өнімдерін шығаруға күш салып, ауылдың жағдайын, әлеуетін арттыруға өз үлестерін қоса алуы керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Марапатталғандар арасында жетістіктері бүкіл салаға үлгі болған табысты кәсіпкерлер де бар. «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталған шаруа қожалығының басшысы Жеңісбек Қарыбаев «Байыс» қошқарын өсірудегі жетістіктеріне тоқталды.Ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам жұмыс істеп келемін. «Байыс» тұқымы экспортқа сұранысқа ие, Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекет бізге айтарлықтай қолдау көрсетуде. «Еңбегіміздің марапатқа ие болғанына өте қуаныштымын», - деді Жеңісбек Қарыбаев.Мерекелік шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен Күршім ауданындағы «Ерасыл» ШҚ иесі Қатанов Достық, Алтай ауданындағы «Средигорное-2» ЖШС сауыншысы Сейлханова Гүлмира, «Шығыс-Сүт» корпорациясы» ЖШС бас технологы Сембаева Шынар, Кузнецов Федор «Ми-2» ұшағының командирі, «Құрмет» орденімен Зайсан ауданындағы «Сәтбай» ШҚ иесі Адиков Қайрат, «Парасат» орденімен «Aitas KZ» АҚ сыртқы байланыстар және GR жөніндегі вице-президенті Тоқсеитова Рабиға марапатталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бірқатар азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Мерекеге жиналған ауыл еңбеккерлеріне облыс өнерпаздары ән-жырын арнады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -