ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Қазмырыш»ЖШС жаңа бас директорын қабылдады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі «Қазмырыш» ЖШС компаниясының жаңа бас директорын қабылдады, кездесу барысында Жанат Жанботин кәсіпорынның алға қойған даму жоспарларымен бөлісті.
- «Қазмырыш» жүйе құрушы, қала құрушы және «аймақ құрушы» өңірдегі елеулі кәсіпорын. Компания аймақ экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, әлеуметтік салаларға да қолдау көрсетуде,- деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Кездесу барысында жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіпорынға жұмысқа тарту мақсатында колледждерде арнайы бөлімдер құру мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, «Қазмырыш» - Қазақстан түсті металлургиясының флагманы, ірі экспорттаушы кәсіпорын. Компания мырыш, мыс, алтын, күміс және қорғасын өндіреді. «Қазмырыш» кәсіпорындары еліміздің Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Ұлытау облысында орналасқан.
Компания дәл осы аймақтардағы маңызды жобаларды қаржыландыра отырып, өңірдің бюджетін қалыптастыруға және әлеуметтік дамуына зор үлес қосады, заманауи озық технологиялармен жабдықтайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кәсіпорынмен меморандум аясында Риддер қаласында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа да жобалардың іске асуына өз үлесін тигізуде.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -