Шалқарда жалға берілетін 3 коммуналдық үй салынуда
Қазіргі таңда аудан бойынша 670 адам баспана кезегінде тұр.
Облыс әкімі Шалқарда салынып жатқан үш коммуналдық үйді аралап көрді. Баспана жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандарға жалға беріледі.
Үйлер екі қабатты, әрқайсысында 8 пәтер. Үш үйде 18 – екі бөлмелі және 6 – үш бөлмелі пәтер бар. «Қолғанат Құрылыс» ЖШС биылғы жылдың қыркүйек айында үйлерді тапсыруды жоспарлап отыр.
Асхат Шахаров аудан орталығындағы 320 орындық №5 мектеп-лицейіне де барды. Бұл білім ордасының негізгі құрылысы – облыс әкімінің жіті қадағалауында. Өйткені, «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы нысандағы жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Олар кәріз желісін және ашық спорт алаңын салуға міндеттелген еді. «Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр» деп мердігерлер есеп берді. Өңір басшысы компанияға жаңа оқу жылына дейін барлық істі аяқтау керектігін қадап айтты.
Шалқарда барлығы 9 орта мектеп және бір бастауыш мектеп бар. 1-11 сыныптар аралығында 5 840 бала оқиды, 13 балабақшаға 1479 бала барады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -