Шекара маңында орналасқан облыстардың әкімдері ҚХР делегациясымен бірлескен кездесуге қатысты
Алматы қаласында ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьер-Министрінің орынбасары Лю Гочжун еліміздің шекара маңында орналасқан аймақтар: Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының әкімдерімен бірлескен кездесу өткізді.Кездесуде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты дамыту, су үнемдеу технологияларын пайдалану, тау-кен өнеркәсібі мен туризмді дамыту бойынша және ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. ҚХР өкілдері еліміздегі баламалы энергия көздерін дамытуға өз көмегін тигізуге әзір екенін мәлімдеді.Сондай-ақ, екі ел студенттері арасындағы академиялық алмасу және мәдениет саласындағы серіктестік мәселесі талқыланды.ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -