Шолпан Әбдіреева ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Әділет министрінің бұйрығымен Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева ведомствоның Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол 1975 жылы Астана қаласында дүниеге келген. «Әділет» Жоғары заң мектебін, Турин университетін (Италия) бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола қалалық халық сотында бастаған.
Әр жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Әділет министрлігінің, Еуразиялық патенттік ұйымның құрылымдарында жұмыс істеді.
2023 жылы — Астана қаласы сотының судьясы.
2023 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -