Шомылу маусымы басталды: Алакөлде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді: Жетісу облысы, 21 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шомылу маусымы басталды: Алакөлде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді

Алакөл көлінің жағалауында шомылу маусымы басталды, яғни бұл кезеңде Алакөл ауданының құтқару бөлімшесінің ұжымына тәулік бойы жұмыс істеу жүктеледі. Құтқару бөлімшесінің басшысы Марат Смағұловтың айтуынша, бөлімшенің жеке құрамы 15 адамнан тұрады. 17 маусымнан бастап Алакөлге облыстық құтқару жасағынан 4 адамнан тұратын қосымша күш келді. Сүңгуір жабдықтарының 21 жиынтығы, жаңа қозғалтқыштармен жабдықталған 7 моторлы қайық, 2 резеңке қайық, 2 УАЗ, Нива, КАМАЗ және әмбебап «ТРЭКОЛ» автомашиналары бар.

«Қазір Ақши мен Көктұма ауылдарында ұзындығы 15 шақырым жағажайда күн сайын моторлы қайықтармен құтқарушылар патрульдейді. 15 маусымнан бастап Көктұма ауылында 3 құтқарушы мен 1 моторлы қайықтан тұратын жылжымалы бекет орнатылды. Келешекте мұнда стационарлық құтқару бөлімшесінің үлгілік ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құтқару бөлімшесінің базасында 4 адамнан тұратын өрт сөндіру қызметі бөлімшесі жұмыс істей бастады», - деді М.Смағұлов.

Сонымен қатар демалыс маусымы басталар алдында құтқару бөлімшесінің қызметкерлері суға шомылуға қауіпті жерлерде 16 тыйым салу белгісін, судағы қауіпсіздік ережелері туралы 30 белгі орнатып, күн сайын демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оларға жадынамалар таратылады.

«Вестник Жетісу» облыстық газетінің мәліметі бойынша

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алакөл көлінің жағалауында шомылу маусымы басталды, яғни бұл кезеңде Алакөл ауданының құтқару бөлімшесінің ұжымына тәулік бойы жұмыс істеу жүктеледі. Құтқару бөлімшесінің басшысы Марат Смағұловтың айтуынша, бөлімшенің жеке құрамы 15 адамнан тұрады. 17 маусымнан бастап Алакөлге облыстық құтқару жасағынан 4 адамнан тұратын қосымша күш келді. Сүңгуір жабдықтарының 21 жиынтығы, жаңа қозғалтқыштармен жабдықталған 7 моторлы қайық, 2 резеңке қайық, 2 УАЗ, Нива, КАМАЗ және әмбебап «ТРЭКОЛ» автомашиналары бар.

«Қазір Ақши мен Көктұма ауылдарында ұзындығы 15 шақырым жағажайда күн сайын моторлы қайықтармен құтқарушылар патрульдейді. 15 маусымнан бастап Көктұма ауылында 3 құтқарушы мен 1 моторлы қайықтан тұратын жылжымалы бекет орнатылды. Келешекте мұнда стационарлық құтқару бөлімшесінің үлгілік ғимаратын салу жоспарлануда. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құтқару бөлімшесінің базасында 4 адамнан тұратын өрт сөндіру қызметі бөлімшесі жұмыс істей бастады», - деді М.Смағұлов.

Сонымен қатар демалыс маусымы басталар алдында құтқару бөлімшесінің қызметкерлері суға шомылуға қауіпті жерлерде 16 тыйым салу белгісін, судағы қауіпсіздік ережелері туралы 30 белгі орнатып, күн сайын демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оларға жадынамалар таратылады.

«Вестник Жетісу» облыстық газетінің мәліметі бойынша

Аймақтағы жаңалықтар