Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы брифинг: Астана қаласы, 28 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы брифинг

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымында атқарылған жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді. Спикер ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржігіт Тұрғанбай.

Жыл басынан облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды, оның 11-і бала. 8 адам құтқарылды. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

Өңірде 7 коммуналдық жағажай белгіленді, бұл Арал ауданында «Аққұмшық», Қазалы ауданында «Қашқан су», Қармақшы ауданында «Ғани Мұратбаев», Сырдария ауданында «Қалғандария», Шиелі ауданында «Бәйгеқұм», Қызылорда қаласында «Сыр самалы» және «Сыр толқыны».

Облыста 18 стационарлық, 8 модульдік бассейн бар. Қосымша жеке кәсіпкерлердің жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар.

Облыс аумағында жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасады. Оның 7-еуі мемлекеттік, 1-еуі жеке. Департаменттің қызметкерлері лагердің нұсқаушыларымен бірге 4 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті.

Облыста суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақ бар, аталмыш  учаскелерге 398 ескерту тақтайшасы мен 92 билборд орнатылды.

Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі және еріктілерді тарта отырып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Рейдтік жұмыстарға дрондар пайдаланылуда. Әсіресе, түнгі мезгілде дрондардың көмегі өте көп.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 2112 рейд жүргізіліп, 71 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Профилактикалық жұмыстарға 635 ерікті жұмылдырылды.

Облыс аумағындағы рейд барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес белгіленбеген орындарға суға түскен жеке тұлғаларға 70 әкімшілік хаттама толтырылды.

Ерекше атап кететін жәйт, Департаменттің қызметкерлері танымал азаматтармен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымында атқарылған жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді. Спикер ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржігіт Тұрғанбай.

Жыл басынан облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды, оның 11-і бала. 8 адам құтқарылды. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

Өңірде 7 коммуналдық жағажай белгіленді, бұл Арал ауданында «Аққұмшық», Қазалы ауданында «Қашқан су», Қармақшы ауданында «Ғани Мұратбаев», Сырдария ауданында «Қалғандария», Шиелі ауданында «Бәйгеқұм», Қызылорда қаласында «Сыр самалы» және «Сыр толқыны».

Облыста 18 стационарлық, 8 модульдік бассейн бар. Қосымша жеке кәсіпкерлердің жазғы демалыс орындарында 11 стационарлық бассейн бар.

Облыс аумағында жазғы демалыс уақытында 8 балалар лагері жұмыс жасады. Оның 7-еуі мемлекеттік, 1-еуі жеке. Департаменттің қызметкерлері лагердің нұсқаушыларымен бірге 4 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті.

Облыста суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақ бар, аталмыш  учаскелерге 398 ескерту тақтайшасы мен 92 билборд орнатылды.

Полиция департаменті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі және еріктілерді тарта отырып, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Рейдтік жұмыстарға дрондар пайдаланылуда. Әсіресе, түнгі мезгілде дрондардың көмегі өте көп.

Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 2112 рейд жүргізіліп, 71 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Профилактикалық жұмыстарға 635 ерікті жұмылдырылды.

Облыс аумағындағы рейд барысында ҚР ӘҚБК 412 бабына сәйкес белгіленбеген орындарға суға түскен жеке тұлғаларға 70 әкімшілік хаттама толтырылды.

Ерекше атап кететін жәйт, Департаменттің қызметкерлері танымал азаматтармен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы ТЖД

Аймақтағы жаңалықтар