Шортанды ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды: Ақмола облысы, 28 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шортанды ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

Шортанды ауданының Новокубанка ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Қуаттылығы ауысымына 50 келушіні қабылдауға арналған медициналық мекеме заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл осы ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерде тұратын екі мыңнан астам адамға сапалы және жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов денсаулық сақтау нысанына барып, ондағы жұмыстармен танысты.

«Бүгінгі таңда азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға және ауылдық медицинаны дамытуға бағытталған маңызды бастамалар іске асырылуда. Бұл қадамдар медициналық қызметтерге қолжетімділікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеңес алу мен емделу үшін аудан орталықтарына бару қажеттілігін азайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті аймақ басшысы.

«Ауылдағы қарияларға жақын жерде медицина мекемесінің болғаны өте маңызды. Ел Президентіне қолдауы мен қамқорлығы үшін алғысымды білдіремін. Амбулатория өте жарық, заманауи, жақсы жабдықталған», – деп өз әсерімен 96 жастағы ауыл тұрғыны Мәкер Хабиев бөлісті.

Амбулатория заманауи диагностикалық және емдеу кабинеттерімен жабдықталған, сондай-ақ жедел жәрдем көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мекемеде жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт, акушер, физиотерапия мамандары және медбикелер жұмыс істейді. Бұл аудандық ауруханаларға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, шалғай аудандардағы медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін фельдшерлік-акушерлік пунктте дәріхана да бар.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы Ақмола облысында жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында 2024 жылы ауылдық жерлерде жоспарланған 38 медициналық нысанның 28-і салынды. Бұл – өңірдегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ең шалғай елді мекендерде медициналық көмекті уақтылы көрсетуге жағдай жасауға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Акмолинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар