Шымкент қаласында «Өрт-2024» РКШОЖ
«Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау.
Аталған іс-шара қала әкімінің орынбасары А.Кәрімов пен Шымкент қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қ.Базарбаевтың төрағалығымен өткізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Оқу-жаттығудың қорытындысына сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығы бойынша тыңдалым өткізілді, тиісті тапсырмалар берді.
Оқу-жаттығуға жалпы азаматтық қорғау қызметтерінен 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -