Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді: Астана қаласы, 22 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді

Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді

Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді

Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді

Шымкент қаласы ТЖД брифинг өткізді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлының қатысуымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінің өту барысы және жылыту маусымы кезіне төтенше жағдайлар бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.

Қаламызда «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылықтарына қарасты аумақта 1,25 га құрғақ шөптің жануы бойынша 2 өрт тіркелді.

Өрт қауіпті маусым басталғалы бері ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералдандырылған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлардың  алдын алу және жою мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу, өрт-тактикалық жаттығулар жүргізілді. Орман мекемелері қызметкерлеріне сабақтар өткізілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

Тиісті мекемелермен өрт қауіпті кезеңде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алады. «Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітілген», - деді спикер. Баспасөз брифингінде Еркін Отарғалымұлы, жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар өрт қауіпсіздігі талаптарын айтып өтті.

Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлының қатысуымен ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінің өту барысы және жылыту маусымы кезіне төтенше жағдайлар бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.

Қаламызда «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде орман шаруашылықтарына қарасты аумақта 1,25 га құрғақ шөптің жануы бойынша 2 өрт тіркелді.

Өрт қауіпті маусым басталғалы бері ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералдандырылған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлардың  алдын алу және жою мақсатында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу, өрт-тактикалық жаттығулар жүргізілді. Орман мекемелері қызметкерлеріне сабақтар өткізілді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

Тиісті мекемелермен өрт қауіпті кезеңде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алады. «Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітілген», - деді спикер. Баспасөз брифингінде Еркін Отарғалымұлы, жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар өрт қауіпсіздігі талаптарын айтып өтті.

Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар