Шығынды өтеу бойынша кәсіпкерлердің мәселелері аймақтық комиссияда қаралады
Су тасқыны салдарынан облыста 185 субъект шығынға ұшырады. Оның ішінде 50-і – Ақтөбе қаласында. Басым бөлігі – агроөнеркәсіптік кешен мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар.
Бизнес өкілдерінің мәліметіне сәйкес, шығынның алдын-ала мөлшері 3,9 млрд теңгені құрайды. Толық шығынның көлемі бағалау аяқталған соң белгілі болады.
Шығынды өтеу бойынша кәсіпкерлердің мәселелері аудандық және бағалау компаниясының қорытындылары негізінде аймақтық комиссия отырысында қаралады.
Комиссия облыс әкімінің қаулысымен құрылған еді. Ол ағымдағы жылдың сәуірайында ҚР Премьер министрдің орынбасары- Ұлттық экономика министрінің «2024 жылғысу тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктікшығындарды өтеу қағидаларын бекітутуралы» №18 бұйрығы негізге ала отырып, жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -