Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды
Облыста төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында алдын алу іс-шаралары алдын ала басталды.
Ағымдағы жылы 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстың 13 ауданында су тасқынына қарсы 55 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда Алтай, Зайсан және Катонқарағай ауданында 4 іс-шара орындалды.
Зайсан ауданында Шалқар ауылында 1200 м қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, Қарабұлақ ауылдық округінің Сәтбай ауылында су тасқынына қарсы бөгет жөнделді.
Катонқарағай ауданында Берел ауылында Бұқтырма өзенінің түпті тереңдете отыра арнасын тазарту жұмыстары аяқталды.
Алтай ауданында ұзындығы 800 метр Соловьев ауылдық округінің Маяк ауылындағы Центральная көшесіндегі су бұрғыш арық тазартылды. Сондай-ақ келесі іс-шаралар өткізіледі.
Глубокое ауданында Новоульбинка ауылында Кіші Үлбі өзенінде арнаны реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасы тазартылып, аспалы көпір аймағында тереңдету ұйымдастырылды. Тарханка ауылында Мехнина көшесінің ауданында жағалауның сызығы нығайтылды, бұл су тасқыны кезеңінде су деңгейі көтерілген жағдайда шайылып кетуден қорғауға мүмкіндік береді.
Алтай ауданында арналар тереңдетіліп, ұзындығы 5 мың метр Вторушка және Маслянская өзендерінің арналары тазартылады, бұталар кесіледі. Ұзындығы 100 метр Богатырево ауылында бөгет жөнделуде, Березовка өзенінің арнасы тазартылды және ұзындығы 1 мың метр Соловьево ауылының ауданында бөгет салынды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -