Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларынан отбасылық бақыттың құпиялары
Қазақстанда Отбасы күнін жыл сайын 8 қыркүйекте атап өтеді. Бұл мереке әрқашан да ерекше. Осы мейрам қарсаңында ТЖД құтқарушылары өздерінің отбасылары бақытының құпияларымен бөлісті.
Абикеновтар отбасында 5 бала. Рауан мен Айманның отбасқандарына 17 жыл, ал олар 1 сыныптан бір-бірін таниды. Екеуі көп қиындықтарды бірге көрді, олар осы уақыт ішінде ең бастысы – мықты отбасы, бір-бірін түсіну керектігін үйренді. Айман мамандығы бойынша – экономист, заңгер. Рауан қызметін қарапайым өрт сөндірушіден бастаған, қазір Марқакөл ауданы ТЖБ бастығы лауазымында. Абикеновтар отбасында барлық шығындар мен бюджет әйелінің мамандығы арқасында нақты және дұрыс бөлінген, ал әкелерінің арқасында үйде барлығы қауіпсіз және бақылауда.
Дәурен мен Альбина Ағажаевтар үлкен отбасы құруға бірден шешім қабылдаған. Бірге әрқашан көңілді. Олар екеуі де төтенше жағдайлар қызметінің офицерлері. Бұндай отбасында өсу төрт баласына үлкен бақыт. Ағажаевтар отбасының ортақ ережесі – күнде кешке үлкен дастархан басына жиналып, өздерінің жеңістері мен жеңілістері жайлы айту, бір-бірімен бөлісу. Бірге болу – отбасының басты күші.
№ 32 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұртілеу Бидахметовтың жас отбасы бақытының құпиясы ата-бабасынан келе жатқан құпия. Отағасы Нұртілеу отбасының асыраушысы, әйелі Гүлжайна отбасының ұйытқысы. Қазір олар жақында дүниеге келетін нәрестені күтуде. Мұндай отбасының үлгісін Нұртілеу Бидахметов өзінің ата-анасынан үйренген және оған еш өкінбейді. Тәжірибелі ата-анасы әрқашан кеңес беріп отырады.
№ 19 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Рашид Ганиевтың интернационалды отбасында екі ұл бала өсіп келеді, олар екі тілде еркін сөйлейді, үлкендердің дәстүрлерін сыйлайды және мәдени іс-шарларға қатысып отырады. Рашид пен әйелі Татьяна екі этностың өмірі әлдеқайда қызықты деп санайды. Интернационалды отбасында екі этностың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарайды және өздерінің ұрпақтарына әрі қарай таныстырады. «Біздің үйде қуаныш та, қайғы да ортақ, ал екі ұлттың асханасы өз ерекшеліктерімен сүйсіндіреді», деді Рашид Ганиев.
Бақыт-отбасында. Бұл ең басты аспект. Әркімнің қоғам құратын жолдары әртүрлі, бірақ ортақ ережелері – үйдегі «ауа райы». ТЖД құтқарушылары үйдегі «ауа райын» жылулықпен, түсіністікпен, жауапкершілікпен құру керектігіне кеңес береді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -