Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысуда
2024 жылғы 15-16 мамырда республика бойынша «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде. Шығыс Қазақстанда облыстық орман қорының ауданы 2,9 млн гектарды құрайды, оның 1,6 млн гектары орманды, 13 орман шаруашылығы, 2 қорық және 1 ұлттық парк бар. Өткен өрт маусымында облыста 77 орман өрті болып, өрттен жойылған орман алқабы 502 гектарды құрап, материалдық шығын 35 миллион 508 мың теңге болды. Негізгі себеп - найзағай разрядтары. Синоптиктер биыл жаз құрғақ болады деп болжап отыр, сондықтан өрт сөндірушілер алдын ала дайындалып, шеберліктерін шыңдап жатыр.
Оқу-жаттығудың бірінші күнінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында штаб орналастырылады. Өңірде электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйесі сынақтан өтті. Жедел топ жетекшілері мен қызмет басшыларының есептері тыңдалды. «Штабтық оқыту басқару органдарын және азаматтық қорғаудың өңірлік ішкі жүйесінің күштерін дайындауға, басқаруды ұйымдастыруға, ахуалдық мәліметтерді жинауға, жинақтауға және талдауға, сондай-ақ табиғат өрттерін жою, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар кезінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға бағытталған», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамның 1329 адамы, 240 техникасы бар, оның ішінде 134 негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автокөлігі, 71 жол талғамайтын өрт сөндіру цистернасы, 2 ГТТ-21, 1 МТЛБ тартқыштарымен және 12 «КУНГ» и «Вахта» қызметкерлерін жеткізу техникасы бар.
Шығыс Қазақстан облысында ормандарды өрттен қорғау және оларды анықтауды мемлекеттік орман күзетінің құрлықтағы әскерлері 1361 адам құрайды, оның ішінде: орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелері – 1213 адам, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 148 адам. Мемлекеттік орман шаруашылығында 226 бірлік өрт сөндіру техникасы дайын.
Әуе патрульдік қызметін «Қазавиалесохрана» Шығыс звеносы жүзеге асырады. Құтқарушылар мен орманшылардың техникасы мен құрал-жабдықтарына жабдықталғанына қарамастан, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алған дұрыс.
Қазір Шығыс Қазақстан облысында арнайы құрылған мобильді топтар жұмыс істеп, профилактикалық рейдтер жүргізіп, ықтимал өрттердің алдын алуда.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -