Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде
Марқакөл ауданының Боран ауылында ерте су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Құтқарушылар қап төсеуде, жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен бөгеттерді нығайтуда.
Өткен тәулікте инертті материалдар салынған 300 қап төселіп, ұзындығы 190 метр, биіктігі 1-1,5 м болатын қорғаныс үйіндісі жасалды.
Қара Ертіс өзенінің су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -