Шығыс Қазақстандағы мұздақ көлдерді зерттеу
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мұздақ көлдер бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан.
«Қазселденқорғау» филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты арбалы көлікпен 8 көлге көзбен шолу, аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді.
«Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі норма шегінде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады. Сел жағдайы тұрақты. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес», - деді «Қазселденқорғау» филиалының басшысы Советбек Станбеков.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -