Шығыс Қазақстанда «Жер-2024» РКШОЖ басталды: Астана қаласы, 03 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда «Жер-2024» РКШОЖ басталды

«Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуның бірінші күні қарқынды басталды. Облыста шартты жер сілкінісі болды.  ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшып өтіп, табиғи апаттың салдарын, қираған ғимараттардың санын тіркеді.

Облыс тұрғындары сиреналардың дабылын естіп, үйлерін тастап, барлық қалалар мен аудандарда жұмыс істей бастаған эвакуациялық пункттерге жиналды. Белгіленгеннен және қажетті көмек алғаннан кейін олар жаяу колонналармен, автомобиль және су көлігімен лагерьге қарай беттеді.

Шатырлы лагерьде тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық аймақтар, медициналық пункт, тамақтану блогы, автокөлік тұрағы қарастырылған. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін лагерьде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Апаттар медицинасы орталығының мамандары далалық аурухананы орналастырды. ТЖМ психологтары мен дәрігерлері халыққа шұғыл көмек көрсетті.

ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов далалық ХҚКО шатырлы лагерінің, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндіктерін қарап шықты.

Өңірлер апат аймақтарына күштер мен құралдарды ұсынуды ұйымдастырылды. Қираған жерлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен келген инженерлік техника түсірілді.

Ұйымдастырылған далалық штабта шартты жойқын жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін жағдай, төтенше жағдайдың салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығы туралы жедел топ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өз қызметінің бағыттары бойынша қабылданған шешімдер мен өткізілген іс-шаралар туралы хабардар етті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«Жер-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуның бірінші күні қарқынды басталды. Облыста шартты жер сілкінісі болды.  ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшып өтіп, табиғи апаттың салдарын, қираған ғимараттардың санын тіркеді.

Облыс тұрғындары сиреналардың дабылын естіп, үйлерін тастап, барлық қалалар мен аудандарда жұмыс істей бастаған эвакуациялық пункттерге жиналды. Белгіленгеннен және қажетті көмек алғаннан кейін олар жаяу колонналармен, автомобиль және су көлігімен лагерьге қарай беттеді.

Шатырлы лагерьде тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық аймақтар, медициналық пункт, тамақтану блогы, автокөлік тұрағы қарастырылған. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін лагерьде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Апаттар медицинасы орталығының мамандары далалық аурухананы орналастырды. ТЖМ психологтары мен дәрігерлері халыққа шұғыл көмек көрсетті.

ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов далалық ХҚКО шатырлы лагерінің, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмыс істеуінің техникалық мүмкіндіктерін қарап шықты.

Өңірлер апат аймақтарына күштер мен құралдарды ұсынуды ұйымдастырылды. Қираған жерлерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен келген инженерлік техника түсірілді.

Ұйымдастырылған далалық штабта шартты жойқын жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін жағдай, төтенше жағдайдың салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығы туралы жедел топ басшыларының баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өз қызметінің бағыттары бойынша қабылданған шешімдер мен өткізілген іс-шаралар туралы хабардар етті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар