СИРЕК МЕТАЛДАР САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН КОРЕЙ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ҚҰРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ: Астана қаласы, 26 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

СИРЕК МЕТАЛДАР САЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН КОРЕЙ САРАПШЫЛАРЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ҚҰРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алматы қаласында Қазақстан-Корея бірлескен семинары өтті. Семинар аясында Корей ұлттық сирек металдар институты (KORAM) мен Корей өнеркәсіптік технологиялар институтының (KITECH) өкілдері Сәтбаев Университеті Металлургия және байыту институтының қазақстандық ғалымдарымен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы – сирек металдар негізінде Жоғары температуралық материалдар орталығын құру. Бұл өз кезегінде өнеркәсіп пен ғылымды дамытуда маңызды қадам болмақ. Корея делегациясын KORAM, KITECH компаниясының директоры Пак Кён Тхэ мырза басқарып келді.

Семинарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан, Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, Сәтбаев Университетінің Корпоративтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорлары Ержан Көлдеев пен Самғат Ермекбаев қатысты, Металлургия және байыту институтының бас директоры Бағдәулет Кенжалиев, кореялық Green Resource, HallaCast, S3R және EurasTech компанияларының өкілдері, сондай-ақ 30-дан астам ғылыми сарапшылар қатысты. Ал ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жиынға онлайн режимде қатысып, семинарға қатысушыларға жемісті еңбек тіледі.

Делегация өз сапарын семинардан бастады, онда ғылыми орталық құру жобасына және сирек металдардан жоғары сапалы өнеркәсіп өнімдерін өндіру технологияларын әзірлеуге қатысты мәселелер талқыланды. Одан кейін корей делегациясының өкілдеріне Сәтбаев Университетіне экскурсия жасалды, соңғы үлгідегі зертханалар мен оқу кабинеттері көрсетілді. Делегацияны «Қарапайым нәрселер туралы ғылым» атты ғылыми жетістіктер көрмесі қызықтырды, онда зарядтау станциялары мен эпоксидті шайыр сияқты бірегей әзірлемелер қойылған.

Семинар сирек металдар саласындағы бизнес пен ғылымды интеграциялауға арналды, қатысушылар сирек металдарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын, экологиялық таза өндіріс әдістерін және қосымша құны жоғары болатын материалдарды жасау технологияларын талқылады. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, бірлескен зерттеулер мен инновациялық технологияларды дамытуға қызығушылық танытты.

Семинар ғылымды дамытып, әлемдік нарықтағы қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен бағасын арттырумен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың практикалық қадамдарының бірі болды. Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялаған болатын. Орталықтың ашылуы сонымен қатар өнеркәсіпте жаңа өнімді жұмыс орындарының ашылуына, қосымша құны және өнімділігі жоғары тауарлар шығаруға септігін тигізеді.

- Жоба экономиканы әртараптандыру саясатын жүзеге асыруға, инновацияларды ең алдымен дарынды азаматтарымыздың, ғалымдарымыздың, жас мамандарымыздың Қазақстанда өздерінің ғылыми әлеуетін іске асыруына және елімізде қалып, әлемдік ең үздік ғылыми орталықтармен жұмыс істеу мүмкіндігін енгізуге бағытталуы тиіс, - деді Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан.

«Сирек металдар негізінде жоғары температуралық материалдар орталығын» ашу жобасы – екі ел арасында өзара білім, ресурстар және тәжірибе алмасуға ынталанудың нәтижесі. Осы мақсатта 2024 жылғы 27 тамыз күні Сәтбаев Университетінің Металлургия және байыту институты мен Кореяның өнеркәсіптік технологиялар институты арасында ғылым және технология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Семинар жұмыс топтары форматында ғылыми жетістіктер және технологиялармен алмасуға, сондай-ақ Металлургия және байыту институтының тәжірибелік-эксперименталдық металлургиялық өндірісіне экскурсия жасауға жалғасады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар