Әскери байланысшылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен кадрларды даярлау перспективаларын талқылады
Ұлттық қорғаныс университетінде әскери байланысты дамытудың өзекті мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті.
Отырысты ҰҚУ жан-жақты қамтамасыз ету факультет байланыс және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.
Іс-шараға Қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның, сондай-ақ жеке компаниялардың өкілдері қатысты
Мамандар Қарулы күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы байланысты жаңғырту мәселелерін талқылап, заманауи технологияларды енгізуде тәжірибе алмасты.
Қазіргі цифрлық жүйелерді пайдалануға, оларды қолда бар байланыс құралдарымен біріктіруге ерекше назар аударылды.
– Талқылау қорытындысы байланысты одан әрі жетілдіру мен елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы нақты қадам болмақ. Қабылданған шешімдер өз нәтижесін беретініне сенімдімін, – деп атап өтті Байланыс департаменті бастығының орынбасары полковник Талғат Тілеукенев.
Азаматтық сектор өкілдері әскери қызметшілерді оқыту жөнінде бастама көтерді. Курстық дайындықтан өткеннен кейін оларға әріптестері үшін сабақ өткізу құқығы бар сертификаттар беріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -