Әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту ұсынылуда: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту ұсынылуда

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталмыш өзгерістер 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» және 2019 жылғы 9 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» екі бұйрыққа қатысты.

Нормативтік құқықтық құжат қағидаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 176) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды.

Ережелердегі кейбір техникалық түзетулермен қатар қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беруге және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қоюға қатысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15264085 сілтеме бойынша танысуға болады.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталмыш өзгерістер 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» және 2019 жылғы 9 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» екі бұйрыққа қатысты.

Нормативтік құқықтық құжат қағидаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 176) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды.

Ережелердегі кейбір техникалық түзетулермен қатар қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беруге және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қоюға қатысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15264085 сілтеме бойынша танысуға болады.

Аймақтағы жаңалықтар