Әскери нышандар – ерлік пен патриотизмнің бейнесі
Бүгін еліміздің Қарулы күштері әскери нышандар күнін атап өтуде. 1996 жылғы 18 шілдеде «Қарулы күштердің әскери нышандары туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Әскери нышандар – бұл армияның ажырамас бөлігі, атрибуттары.
Атаулы күнге орай әскери бөлімдерде Қарулы күштер түрлерінің тулары көтеріліп, салтанатты сап түзеулер өткізілді. Онда әскер мен әрбір әскери қызметші үшін әскери нышандардың маңыздылығы туралы түсіндірмелер берілді.
Әскери нышандар мемлекеттік тиесілілігін және қол сұғылмаушылығын айқын бейнелейді. Ол өткеннің дәстүрлерімен ұштастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын көрсетеді.
Оларға эмблема, Қарулы күштердің туы, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және әскер тектерінің жалаулары, сондай-ақ әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.
Жауынгерлік ту әрбір әскери қызметшінің Отанды жанқиярлықпен қорғаудағы қасиетті борышын білдіреді. Үздіктердің үздігі ғана осы қасиетті жәдігермен суретке түсу құрметіне ие болады.
Қарулы күштердің нышаны – шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.
Әскери атрибуттар терең патриоттық және рухани-адамгершілік мағынаға ие.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -